Оқу-ағарту министрлігі балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды

0
643

Министрлік мұндай түзетулерді жеке балабақша мен лагерге қатысты бірқатар жанжалды жағдайлардан кейін ұсынды.


Оқу-ағарту министрлігі балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі жеке білім беру ұйымдарын тексеруге мораторийді алып тастауды және балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды, деп жазады stan.kz.

Министрлік мұндай түзетулерді жеке балабақша мен лагерге қатысты бірқатар жанжалды жағдайлардан кейін ұсынды.

"Заңнамаға өзгерістер пакетін дайындадық және барлық білім беру ұйымдары, яғни балаларды дамыту орталығы, балабақша, мектеп немесе колледж болсын, жеке бизнес болса да, кедергісіз қолжетімді болуын қамтамасыз етуді ұсындық. Мораторий алынып тасталуы керек", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ол балалар лагерлеріне қажетті техникалық қызмет көрсету және инфрақұрылым талаптарын қанағаттандыру үшін лицензия беруді ұсынды.

Бұған дейін Алматының әлеуметтік осал отбасыларының балалары лагерьге тегін жолдама алды. Алайда балалар сауна ғимаратына орналастырылған.

Енді Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа береді, ал қала прокуратурасы екі бап бойынша тергеуді бастады.

ОСы жағдайдан кейін Алматы маңындағы лагерьде ерекше қажеттілігі бар және жетім балаларды қамап ұстағаны айтылды