Оқушыны аяусыз сабаған әкім қызметтен қуылды

0
1 233

Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауылының әкімі Жанат Омаров 14 жастағы оқушы Диас Мұқаны қатігездікпен сабағаны үшін қызметінен қуылды. Мұндай шешімді Көкшетаулық Этика жөніндегі кеңес отырысы қабылдады, – деп хабарлайды Qasym.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Оқушыны аяусыз сабаған әкім қызметтен қуылды

фото: qasym.kz

Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауылының әкімі Жанат Омаров 14 жастағы оқушы Диас Мұқаны қатігездікпен сабағаны үшін қызметінен қуылды. Мұндай шешімді Көкшетаулық Этика жөніндегі кеңес отырысы қабылдады, – деп хабарлайды Qasym.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет бойынша ҚР Агенттігі департаменті жүргізген қызметтік тексеру және облыстық ІІД жүргізген қылмыстық тексеру нәтижелерін қарастырған кеңес мүшелері бір ауыздан әкімді қызметтен алу туралы шешім шығарған.