"Олимп" букмекерлік кеңсесі бәс қабылдамайды

0
1 210

Бұл туралы "Олимп" сайтында жарияланды.


ERNUR.KZ. "Олимп" букмекерлік кеңсесі бәс қабылдамайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Олимп" сайтында жарияланды.

"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты бәс қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және алдағы уақытта да солай қалғымыз келеді", - делінген хабарламада.

Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болғаны айтылды.

2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.