"Олимп" букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

0
2 430

Сот актісімен 3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды.


ERNUR.KZ. "Олимп" букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді, деп жазады Azattyq Rýhy.

16 ақпанда Алмалы аудандық соты Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.