Олжас Бектенов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

0
519

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы лауазымынан босатылды.


Олжас Бектенов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы төрағасы Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген ресми ақпаратта.

Олжас Бектенов «Антикорды» 2022 жылдың 25 ақпанынан бері басқарып келеді.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Алматы қаласы Әділет департаментінде бөлімнің бас маманы (2002-2006);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы (2006);

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;

Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (01.2015 - 07.2015);

Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі (07.2015 - 2016 ж.);

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы (2016 ж. – 07.2017 ж.);

Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары (10.07.2017 - 06.2018);

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (06.2018 - 06.2019);

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (06.2019 ж. бастап).

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы (25.02.2022, 28.11.2022 бастап қайта тағайындалды).