Орталық Алматы қаласында болмақ.
ERNUR.KZ. Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді (ЮНЕСКО аясында) ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Орталықты белгілі ақын Олжас Сүлейменов басқарады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.
Аталмыш келісімде «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі (РМҚК) базасында Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (2-санат) қызметін қамтамасыз ету көзделген.
«Орталықты белгілі қазақстандық ақын, жазушы Олжас Омарұлы Сүлейменов басқарады», - деді министр.
Шартты ратификациялау халықаралық деңгейде Қазақстанның беделінің артуына ықпал ететінін айтқан министр аталмыш заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар талап етпейтінін айтты.