Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

0
234

Жұманғарин арпа мен бидайдың бағасына қатысты шұғыл жиналыс өткізді.


Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

фото: primeminister.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штабтың отырысында егін жинау науқанының барысы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйенсек, ауа райы қолайлы болған соң диқандар 27 қыркүйекке дейін егін алқабының 75% немесе 13 млн гектар жердегі астықты бастыррып алған.

«Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Астықты кептіру үшін арзан дизель, сұйытылған газ жеткізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ жедел штаб отырысында 4 сортты арпа мен бидайдың бағасы қаралды», - деп хабарлайды үкімет.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, диқандар 20 млн тонна астық бастырып үлгерген.