Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтарға қатысты сот үкімі шықты

0
650

Оларға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.


Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтарға қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде осы жылдың наурыз айында Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі жігітке Оңтүстік Корея соты үкім шығарғанын хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Заңгердің айтуынша, сот қазақстандықтарға 3 миллион вон айыппұл салған, бұл 1 миллион теңгеден сәл асады. Әлеуметтік желіде Мейірман Шекеев айыппұл 7 күн ішінде төленуі керек екенін, содан кейін олар қамаудан босатылып, Отанына орала алатынын атап өтті.

Оның айтуынша, жігіттер қажетті сома енгізілгеннен кейін ертерек түрмеден босатылуы мүмкін.

Еске салайық, 27 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынған екі Қазақстан азаматының Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткенін хабарлады. Кейіннен олардың екеуінің де ұсталғаны белгілі болды. Олар 18 және 20 жаста, екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары.