Мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.
Орал қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында ЖШС-ті пайдаланып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып, осы арқылы өзінің коммерциялық кәсіпорнын салық төлеуден заңсыз босатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.
Осы іс-әрекеттен мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.
БҚО, Орал қаласы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 28 бабы 2-тармағы және 216 бабының 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, сотталушымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің жасалуы, сондай-ақ оның Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған келісімнің барлық шарттарын орындағанын, соның ішінде келтірілген зиянды толық өтегені ескеріле отырып, оған 6312500 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.