Оралда 50-ден астам көшенің аты өзгерді

0
928

Бірқатар көшеге елімізге кеңінен танымал адамдардың есімдері берілді.


Оралда 50-ден астам көшенің аты өзгерді

ERNUR.KZ. Орал қаласында елуден астам көшенің аты өзгерді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО мәслихатынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде бірқатар көшеге елімізге кеңінен танымал адамдардың есімдері берілді.

Атап айтқанда, Алмазов көшесі енді қазақтың ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың, Комсомол көшесі жазушы, мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың, Придорожная көшесі академик, ғалым Әлкей Марғұланның, Фрунзе көшесі ақын Қайрат Жұмағалиевтің, Чагано-Набережная көшесі Исатай-Махамбеттің атымен аталады.

Ковыльная көшесіне жазушы Ілияс Есенберлин, Петровский көшесіне тағы бір қаламгер Герольд Бельгер, Полевая көшесіне саяхатшы-ғалым Григорий Потанин, атаусыз «21» көшесіне Шәкәрімнің есімдері берілді.

«Белая казарма» шағынауданы «Ақбекет» болып аталды. Сондай-ақ бірқатар көшелер қазақша атауға ие болды.

БҚО әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі облыстық әділет департаментінде тіркелді.