Оралда бастауыш сынып мұғалімін өз үйінде өлтіріп кетті

0
945

Оның артында екі қызы, ағасы және немерелері қалды.


Оралда бастауыш сынып мұғалімін өз үйінде өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Оралда әйел адамның мәйіті өз пәтерінен табылды, Azattyq Ruhy.



Батыс Қазақстан полиция департаменті 99-бап «Кісі өлтіру» бойынша іс қозғалып жатқанын хабарлады. Өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Портал журналистері марқұм тұратын үйдегі көршілерімен және ақсақалмен тілдесіп қайтты. Анықталғандай, марқұм өмір бойы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Көршілерінің айтуынша, ол мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр адам болған.

Үйдің үлкені Әлия Есқалиева 24 жыл бұрын марқұммен бір уақытта бір үйдегі пәтерлеріне қалай көшкендерін айтып берді. Содан бері әйелдер аула мен үй тіршілігіне белсене араласып келген.

«ПИК-ті бізден алып тастағаннан кейін өз мойныма алып, подъезде жөндеу жүргіздім. Оған Надежда да белсенді араласып, бүкіл кіреберісті өзі безендіріп шықты. Ол интернет-дүкеннен картиналар мен гүлдерге тапсырыс берді, енді бұл марқұм көршімізден қалған естелік қана болмақ. Қаламызда картиналар ілулі тұрған дәл мұндай кіреберіс жоқ. Біздің үйіміз шағын болғанмен, бәріміз татумыз. Ол көшбасшы болды, ақша жинады, идеялар берді. Өте ақкөңіл, жауапкершілігі мол, жақсы адам еді. Біз бірге 24 жыл тұрдық. Жақында ғана анасын жерлеген еді, ол кісінің өмірден өткеніне тоғыз-ақ күн болған. Әкесі қартайған, оны үнемі уайымдап, үйіне баратын. 10 жыл бұрын күйеуі екеуі жол апатына ұшыраған. Екі қызы, ағасы және немерелері бар. Ол өте жақсы әйел болатын. Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Биыл ол 60 жасқа толуы керек еді. Мұндай жасына қарамастан өте жас көрінетін», - дейді Әлия Есқалиева.

Үйдің үлкені кісі өлімі бойынша куәгер болып саналады, сондықтан ол ешнәрсе айта алмайды.

Қалалық білім бөлімі марқұмның ұқыпты әрі жауапкершілігі мол ұстаз екенін айтты. Жалпы мұғалімдік өтілі – 40 жыл, оның 35 жылын бір мектепте мектепте жұмыс істеген.

Надежда Никитина жұмыс істеген №9 мектептің қызметкерлері әлеуметтік желіде:

«25 сәуірде мектебімізде құрылғаннан бері жұмыс істеген бастауыш сынып мұғалімі Никитина Надежда Владимировна кенеттен қайтыс болды. Надежда Владимировна жұмыс барысында бір емес, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп өсірді, өз ісінің кәсіби маманы, жүздеген ұл-қыздың сүйікті ұстазы болды. Жақын адамдар үшін орны толмас қайғы. Мектеп ұжымы отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазды ұжым.