Оралда екі автобус соқтығысты

0
775

Жолаушылар автобустан алдыңғы терезесі арқылы шығуға мәжбүр болған.


Оралда екі автобус соқтығысты

ERNUR.KZ. Оралда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 30 шілдеде сағат 11:00 шамасында Дәулеткерей мен Мұхит көшелері қиылысында болған. Жол қиылысында №39 және №30Д екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға нақты қалай болғаны белгісіз, автобустардың бірі соқтығысу салдарынан құлап, жаяу жүргіншілер өткеліне тоқтаған Toyota Camry көлігін басып қалған. Жолаушылар автобустан алдыңғы терезесі арқылы шығуға мәжбүр болған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем келді.

"Соқтығыс кезінде жолаушылар отырған, автобус ішінде түрегеп тұрғандар болмады. Бала болған, жарақат алмаған сияқты. Әрине, бәріміз қорқып кеттік. Дүрбелең болды. Жас жігіттер дереу жүгіріп келіп, адамдарды алдыңғы терезе арқылы шығаруға көмектесті", - деді әйел.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметтері кейінірек толық ақпарат беруге уәде етті.