Оралда мектеп ауласында мас ер адам балаларға тиіскен

0
645

Кадрлардан ер адам бөтелкесін мектеп аумағына лақтырып жібергенін, содан кейін көшеде кетіп бара жатқан оқушының рюкзагын ұстап алған.


Оралда мектеп ауласында мас ер адам балаларға тиіскен

Әлеуметтік желілерде мас ер адам Орал мектебінің ауласындағы балаларға жармасып жатқаны түсірілген видео жарияланды. Полицейлер құқық бұзушының кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ер адам бөтелкесін мектеп аумағына лақтырып жібергенін, содан кейін көшеде кетіп бара жатқан оқушының рюкзагын ұстап алды. Оқиға 8 қазанда кешке № 7 жалпы орта білім беретін мектеп маңында болғаны анықталды.

"Бұл күні күзетші ер адамды екі рет мектеп аумағынан шығарып жіберген. Ер адам видеодағы қолында тұрған бөтелкені оқушылардың бірінен тартып алған. Кейін оны лақтырып жіберді. Полицейлер құқық бұзушының кім екенін анықтағанын хабарлады. Біз бұл жағдайға қатты алаңдаулымыз", - деді № 7 ЖОББМ директоры Виктор Протасов.

Айта кетейік, оралдықтар бұған дейін де бұл адамның ерсі қылықтарын көрген. Тұрғындардың бірі оның мас күйде мектеп айналасында адамдарға сыпырғыш ұсынып, сатпақ болғанын айтты.

Полиция өкілдерері ер адам облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны екенін хабарлады.

"36 жастағы ер адам ұсталды. Үш хаттама толтырылды: мас күйде қоғамдық орынға шыққаны үшін, ұсақ бұзақылық және қоғамдық орынды ластағаны үшін. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Ер адам қылығы үшін кешірім сұрады.

Сонымен қатар, Орал қаласының білім бөлімі күзет фирмаларының басшыларымен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.