Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Оралда егде жастағы ер адамды қағып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды.
Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша 81 жастағы ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.