Оралда сәбиін зиратқа тастаған әйел иттердің "арқасында" жазадан құтылып кетті

0
1 028

Сараптама нәтижесі әйелдің зираттан табылған нәрестенің анасы екенін көрсетті, дегенмен ол жазадан құтылып кетті.


Оралда сәбиін зиратқа тастаған әйел иттердің

ERNUR.KZ. Сәбиін аман-есен дүниеге әкеліп, артынан оны зиратқа тастап кеткен әйел жазаланбайтын болды, деп жазады sputniknews.kz.

Жаңа туған нәрестенің денесін биыл 5 наурызда зират аумағынан балалар тауып алады. Басылымның мәліметінше, сәбиді бұралқы иттер мүжіп тастаған.

Полиция нәрестені жүктіліктің 36-шы аптасында босанып, оны зират аумағында қалдырып кеткен қала тұрғынын тез арада анықтады. Әйел табылған сәбиге қатысы жоқ екенін айтқанымен, ДНҚ сараптамасы оның анасы екенін көрсетті.

Дегенмен, полицияның хабарлауынша, баланың ішкі мүшелерін иттер жеп қойғандықтан, оның өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.

Осыған байланысты бұл іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы "Іс бойынша өндіріс қозғалмайтын жағдайлар" негізінде тоқтатылды.