81 жастағы ер адам зорлықпен өлтірілген.
ERNUR.KZ. Оралда саяжайдан 81 жастағы қарияның мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні «Автодорожник-1» саяжай қоғамында орын алды.
Саяжайдан 81 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.