Оралда түнгі клубқа келушілер полициядан әжетханада тығылған

0
848

Олардың арасында ойын-сауық мекемесінің қызметкерлері мен келушілер бар.


Оралда түнгі клубқа келушілер полициядан әжетханада тығылған

ERNUR.KZ. Орал полицейлері 80 адам жиналған түнгі клубты әшкереледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Рейд кезінде полицейлер карантин шараларына қарамастан жұмыс істеген түнгі клубтың қызметін тоқтатты. Тәртіп сақшылары келушілердің бір бөлігі дәретханада тығылып қалғанын атап өтті.

Өткізілген жұмыстың дәлелі ретінде полиция қызметкерлері видеоролик ұсынды. Түнгі клубқа олар 20 қарашада сағат 23-ке қарай барған.

"ФСБ" клубы "Палладиум" сауда үйінің жертөлесінде жұмыс істеп тұрған. 80-ге жуық адам анықталды. Олардың арасында ойын-сауық мекемесінің қызметкерлері мен келушілер бар. Кейбір клиент жауапкершіліктен қашпақ долып, дәретханада тығылып қалған. Клуб келушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, бизнес иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша материалдар бар", - деп хабарлады БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Айта кетейік, қазір мониторингтік топтардың өкілдері жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын кәсіпкерлерді ғана емес, мереке қонақтарын да жауапқа тарта бастады.

"Біз музыканттарды, асабаларды жауапқа тарта бастадық. Хаттамаларды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жібереміз. Мұндай шараларға баруға мәжбүр болдық. Адамдар бұқаралық іс-шаралардың қаупін түсінбейді", - деді Орал қаласы әкімдігінің бөлім басшысы Аслан Жармұханов.

Айта кетейік, БҚО әкімі жедел штаб отырысында мемлекеттік органдар жаңа жылдық отырыстардан бас тартатынын айтып, нысандардың барлығын тексермей жүрген мониторинг топтарының жұмысын сынға алды.