Оралда жасөспірім қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
460

Екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған.


Оралда жасөспірім қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Орал қаласында жасөспірім қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

Куәгердің Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні болды.

Оның жазуына қарағанда, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғында жарақаты бар.

«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазіргі кезде анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынуда», деп жазды куәгер.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.