Оралда жаяу жүргіншілерді көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

0
689

​Оралда бір күнде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.


Оралда жаяу жүргіншілерді көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Екі дерек те камераға түсіп қалған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Бірінші жағдайда 30 жастағы ер адам Алматы көшесіне жүгіріп шығып, оны Volkswagen Passat көлігі қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда таңғы сағат 10:30 шамасында болған. 28 жастағы жүргізуші жолға жүгіріп шыққан ер адамды қағып кетті. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Зардап шеккен адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Полиция департаменті өкілдері.

Сол күні кешке жасөспірім жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп қалған.

"Молдағұлова көшесінде кәмелетке толмаған баланы қағып кеткені туралы хабарлама сағат 19:46-да түсті. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде ПАЗ автобусының 41 жастағы жүргізушісі 9 жасар жасөспірімді қағып кеткен. Бала бағдаршамының тыйым салынған түсіне жүгіріп шыққан. Кәмелетке толмаған баланы жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жауапкершілік дәрежесі анықталып жатыр", - деді полициядағылар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған бала дене жарақатын алғанын және амбулаторлық емдеуге жіберілгенін айтты.