Оралда зиянкес уынан бір отбасы зардап шекті

0
591

Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті. Ішінде бес жасар қыз бала бар.


Оралда зиянкес уынан бір отбасы зардап шекті

ERNUR.KZ. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зяинкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен, деп жазады zakon.kz.

Салдарынан, көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған деп жазады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Олардың біреуі - ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.