15 саулық пышаққа ілінген, 85-і арам өлген.
ERNUR.KZ. Оралдағы Зашаған кентінде жыртқыш қойларды талап кеткен, деп жазады baq.kz.
72 жастағы Есенгелді Айтмұқамбетов түнгі төртте тарсыл-гүрсілден оянып, аулаға шыққанда 100 қойдың сұлап жатқанын көрген. 15 саулық пышаққа ілінген, 85-і арам өлген. Кеше ветеринарлар арам өлген қойларды көміп тастады.
Тамақтарын жұлып, өңешін жұлып, бауыздап кеткен, талаған. 150 қойдан, міне, 50 қой қалды. Міне, иттер қараусыз, қара! Қаңғыбас иттер көп. Атпайды. Жан-жақтан, әне жатыр, міне, бара жатыр, - деп күйінді Зашаған кентінің тұрғыны Есенгелді Айтмұқамбетов.
Дегемен әкімдік маманы қойға жау қасқырдан келгенін алға тартады.
Бірінші иттен күдіктеніп едік. Иттен болмады. Қасқырдың ізіне шейін жатыр, топардай болып. Бір қасқыр ма, екі-үш қасқыр ма, белгісіз. Бірақ сол үлкен кісінің 150 бастың 85 бас қой өлі. Іздері деген иттің ізінен бөлек, үлкендеу ізі. Анықтап қарағанда бәрінің кеңірдегінен басқа жерден жарақат алмаған, тек қана кеңірдектен алған, - деді Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов.