Өрмекші адамның киімін киген 4 жасар бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

0
1 667

Бүлдіршін сүйікті кейіпкеріне еліктеп, соның әрекетін қайталамақ болған


Өрмекші адамның киімін киген 4 жасар бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Грузияның Тбилиси қаласында Өрмекші адамның костюмін киген 4 жасар бала 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп аман қалды, деп жазады stan.kz.

Басылым мәліметінше, 4 жасар бала пәтерде әжесімен бірге болған. Әжесі немересінің өз бөлмесінде ойнап отырғанына сенімді болыпты. Кейуанаға болған оқиға туралы көршілері айтқан. Куәгерлердің топшылауынша, бүлдіршін сүйікті кейіпкеріне еліктеп, соның әрекетін қайталамақ болған. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.