Ортеке – көне заманнан жеткен қуыршақ өнері.
ERNUR.KZ. Қожанасырдың әзіл әңгімелері мен Ортеке биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді, деп жазады sputnik.kz.
Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында 46 номинация қаралып, 20-сы ұйымның репрезентативтік тізіміне енгізілді. Соның ішінед "Ортеке" биі мен Қожанасырдың әзіл әңгімелері де бар.
Ортеке – көне заманнан жеткен қуыршақ өнері. Оның нақты қай жерде және қалай пайда болғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ XIX ғасырдың басында қазақ даласында осы өнер кеңінен тарала бастады. Қуыршақтың өзі, көбінесе, қызылқайың, қызылқандыағаш, үйеңкі, жаңғақ, шаған, емен сияқты ағаштардан жасалады. Себебі осы ағаштар жеңіл кесіліп, оңай ойылады.
Осыдан кейін ортекені ою-өрнекпен көмкерілген тұғырға орнатып, жіптің бір басын домбырашының оң қолының саусақтарына байлап қояды. Күйші күйді тарта бастағанда, қуыршақ қозғалып, билей бастайды.
Домбырашылар қай ауылға барса, сол ауылға домбырамен бірге ортекелерін де алып жүрген. Сөйтіп, барған жерлерін қызыққа бөлеп, жастардың өнерге деген құрметі мен қызығушылығын арттырып отырған.
Ал"Қожанасырдың әзіл әңгімелері" элементін комитеттің қарауына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп енгізді. Қожанасыр немесе Қожа Насреддин – Шығыс фольклорлық кейіпкері, қысқа әзіл-сықақ және сатиралық миниатюралар мен әзіл әңгімелердің, кейде тұрмыстық ертегілердің кейіпкері. Ол анти-қаһарман, қаңғыбас, еркін ойшыл, бүлікші, ақымақ, диуана, айлакер, алаяқ және тіпті философтың ішкі қайшылықты бейнесін біріктіреді, адамның зұлымдықтарын, сараңдарды, арсыздықтар мен екіжүзділерді мазақ етеді.
Бұған дейін ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізімін 11 элемент енгізілген, соның ішінде төртеуі ұлттық қазақ мәдени мұрасына қатысты.
Олар:
Ал "Киіз үйді жасау" (2014), "Айтыс өнері" (2015), "Наурыз" және "Қатырма" (2016), "Қорқыт ата мұрасы" (2018), "Тоғызқұмалақ" (2020) және "Құсбегілік" (2021) секілді ұлттық элементтер бірнеше елдің ортақ мәдени мұрасы ретінде енгізілген болатын.