ОСК төрағасы Берік Имашев карантинге жатқызылды

0
486

Төраға Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болған.


ОСК төрағасы Берік Имашев карантинге жатқызылды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқаны үшін карантинге жатқызылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгінгі отырысымызға Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі қатысып отыр. Төраға Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан қатыспады. Қойылуы мүмкін сұрақтарға алдын-ала жауап беру үшін Берік Мәжитұлының вакцинаның екі компонентін алғанын және ПТР-сараптама нәтижесі теріс екенін хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Петров отырыста.

Оның сөзінше, Берік Имашев өзін жақсы сезінеді, коронавирус симптомдары жоқ. ОСК төрағасы қашықтан жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Нұр-Сұлтанда қазір Орталық сайлау комиссиясының ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселесіне қатысты отырыс өтіп жатыр.