Өскемен полицейлері 22 жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскерді Павлодардан ұстады

0
711

Қашқынның тығылып жүруі мүмкін деген жерді полицейлер 2020 жылдың қыркүйегінде анықтаған.


Өскемен полицейлері 22 жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскерді Павлодардан ұстады

ERNUR.KZ. Өскемендік полиция қызметкерлері жиырма жылдан астам уақыт жасырынып жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1998 жылдың наурызында 1970 жылғы Павлодар қаласының тумасы сату мақсатында белгісіз біреулерден аса ірі көлемде марихуана алып, Өскемендегі үйінде сақтаған.

Оның пәтерін тінту кезінде тәртіп сақшылары есірткіні және заңсыз саудадан түскен ақшаны тапты. Алайда күдіктінің өзі қашып үлгерген. Сөйтіп полиция басқармасы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, есірткі сатушыға іздеу жарияланды.

Полицияның түгел дерлік жеке құрамдары есірткі сатушынының қайда екенін анықтауға жұмылдырылды. Сондай-ақ республикаданың өзге облыстарына да бағдар жіберілген. Жедел топ құрылып, күдікті байланысқа шығуы ықтимал адамдар тексерілді. Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының Алтай аймағында да іздестіру шаралары жүргізілді. Десе де бұған қарамастан есірті сатушыны қолға түсіру мүмкін болмаған.


«Қашқын тығылып жүруі мүмкін деген жерді 2020 жылдың қыркүйегінде анықтадық. Сол жаққа бірден басқарманың жедел тобы аттанды. Белгілі болғандай, ер адам кейіннен Павлодар қаласына келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Полицейлер оны құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Ерімбесов.