Өскемен полициясы сал ауруы бар мүгедек жігітті әкімдік ғимаратынан күшпен қуып шықты

0
717

Сондай-ақ ол енді 20 тәулікке қамалуы да мүмкін.


Өскемен полициясы сал ауруы бар мүгедек жігітті әкімдік ғимаратынан күшпен қуып шықты

ERNUR.KZ. Өскемен қалалық әкімдігіне шағым айтып келген мүгедек жанды күзетте отырған жеті полицей ғимараттан қуып шыққан. Оқиға видеокамераға түсіп қалып, қоғамның наразылығын тудырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кейінірек белгілі болғаны, жергілікті билік мүгедек жігіттің үйінің жанындағы аялдаманы басқа жаққа көшіріп жіберген екен. Жүріп-тұруы қиын болғандықтан жігіт әкімдікке бірнеше рет келіп, аялдаманы кері қайтаруды сұраған. Соңғы рет келгенінде есікті бүлдіріп, термометрді сындырған көрінеді. Сондай-ақ, өзінің ұялы телефоны да сынған.

Полиция қызметкерлері болса мүгедек жігіттің үстінен әкімшілік хаттама толтырып, ұсақ тәртіпсіздік және билік өкілдеріне бағынбау баптарымен жауапқа тартпақшы. Сотта бұл дәлелденсе, жігіт 230 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 20 тәулікке қамалуы мүмкін.

Ал, әкімдіктегілер болса аялдама проблемасы шешілгенше жігітке 110 мың теңге көлемінде демеушілік көмек беретінін хабарлады.