Өскемен тұрғындарын қанға боялған аялдама шошытты

0
2 072

Суретте жылы аялдамадағы еденде және орындықтарда қанның іздері көрінеді.


Өскемен тұрғындарын қанға боялған аялдама шошытты

ERNUR.KZ. Өскемен тұрғындарын қанға боялған жылы аялдама шошытты. Куәгерлер оның суретін ғаламторға жариялады. Өскемендегі аялдама павильонында не болғанын полиция айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Суретте жылы аялдамадағы еденде және орындықтарда қанның іздері көрінеді. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

"27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге дене жарақатымен жүгінді. Аялдаманың жабық павильонында ол танысымен жанжалдасып, дене жарақатын алғаны анықталды", - деп хабарлады органда.

Күдіктінің анықталғаны, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.