Балаларды Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан "Жігер" және "Алые паруса" лагерьлері қабылдайды.
Өскеменде 500-ге жуық бала тегін демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жазғы демалыс қарсаңында өңірдің қала сыртындағы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балаларды қабылдауға белсенді дайындық жүргізілуде. Қалада 43 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейтін болады.
Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан "Жігер" және "Алые паруса" лагерьлері биыл 1300 жуық бала қабылдайды деп болжануда. Оның ішінде 434 бала тегін жолдама бойынша демалады.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға қалалық бюджеттен ақша бөлінеді.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тегін демалуына мүмкіндік қарастырылған.
Өскемен қаласында "өз жеріңді таны" ("Елтану") оқу-танымдық туры жоспарланған. Жоба бойынша туристік жорықтар мен экскурсияларға жеті мыңнан астам оқушы қатысады. Еліміздің және облыстың тарихи және ескерткіш орындары бойынша мектеп топтары 1300-ден астам баланы қамтиды.