Сүйек қалдықтарын көшеден өтіп бара жатқандар байқап қалған.
ERNUR.KZ. Өскеменде бұта арасынан адамның бас сүйегі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
YK-news.kz жазуынша, сүйек қалдықтарын 13 шілдеде Железнодорожная көшесінен өтіп бара жатқандар байқап қалған.
«Адам сүйегі қалдықтарының табылу фактісі белгіленген тәртіппен тіркелді. Сараптама тағайындалды, сол арқылы бас сүйектің кімдікі және қай уақыттан бері жатқанын анықтаймызй, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.