Өскеменде ағаштар бір күнде сарғайып кетті

0
696

Қысқа мерзімде сарғайып кеткен ағаштардың тірілуі екіталай.


Өскеменде ағаштар бір күнде сарғайып кетті

ERNUR.KZ. Өскемендегі саяжолдардың бірінде ағаштар бір күнде сарғайып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ағаштардың жапырағы қурап қалғаны түсірілген видео Желіде жарияланды. Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығаратын зиян қалдықтары себеп болғанына сенімді.

"Бұл газдан екеніне сенімдімін. Қараңызшы, ең көп зардап шеккен қайың, терек және шетендер, яғни әртүрлі топтағы ағаштар, сондықтан құрт, біте немесе аурулар бұған себеп бола алмайды", - дейді қала тұрғыны Ольга Иванова.

Экологтар жаздың алғашқы күндерінде ағаштар неден сарғайғанын әзірге айтқан жоқ.

"Біз өлген ағаштардың айналасындағы топырақты зерттедік, оның себебі көп болуы мүмкін, соның ішінде техногендік сипаттағы әсерлер де бар. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет, онсыз бұл газдың әсері деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта біз фитоэкспертизаны жүргізе алатын зертхана іздеп жатырмыз", - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Экологтардың пікірінше, қысқа мерзімде сарғайып кеткен ағаштардың тірілуі екіталай.