Сақина баланың тыныс алу жолын жауып тастаған, салдарынан бүлдіршін тұншыққан.
ERNUR.KZ. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, "103" арнасына хабарласқан қала тұрғыны баласының сақина жұтып қойғанын айтқан. Сақина тыныс алу жолын жауып, бүлдіршін тұншыға бастаған, деп жазады inbusiness.kz.
"Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды. Абырой болғанда, 1 жасар бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды", делінген ақпаратта.