Өскеменде әйел беті ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті

0
538

1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде байқамай құдыққа құлап кеткен.


Өскеменде әйел беті ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті

ERNUR.KZ. Өскеменде әйел адам ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп жазады zakon.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай Қабанбай батыр мен Новаторлар көшесінің қиылысында болған.

"1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде байқамай құдыққа құлап кеткен. Жанындағы ер адам ТЖ қызметін шақырған", – делінген хабарламада.


ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару жабдығымен әйелді шамамен 5 м болатын кәріз құдығынан шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.