Өскеменде иесіз иттерге арнайы «баспана» салынады

0
2 558

Ол үшін 20 соттық жер бөлінген.


Өскеменде иесіз иттерге арнайы «баспана» салынады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қаланы аралап, қаңғыбас иттер приютін салатын жер учаскесіне барды, деп жазады altaynews.kz.

Қала тұрғындарын көптен бері алаңдатқан бірден бір мәселе – қаңғыбас иттер мәселесі. Бұл проблеманы шешуге сөз берген қала әкімі бүгін қаңғыбас иттерге арналған баспана салынатын жерге барып, «Доверие» қоғамдық ұйымының өкілі Елена Скосаревамен кездесті.

"Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатыр. Былтырғы жылы осы мәселе төңірегінде «Преданное сердце» деген қоғамдық ұйыммен жұмыс істеген болатынбыз. Алайда ол кісілер бұл жұмысты соңына дейін жеткізе алмады. Ал осы жылы «Доверие» қоғамдық ұйымымен жұмыс бастап отырмыз", - деді шаhар басшысы.

Аталған қоғамдық ұйымға 20 соттық жер бөлініп отыр. Күн жылына салысымен демеушілер мен осындай қоғамдық ұйымдардың көмегімен иттерге арналған баспана салынып басталмақ.

"Өкінішке орай, қала әкімдігі бұл жұмысты өз мойнына ала алмайды. Себебі ешқандай заңдық негіз жоқ. Осы аталған қоғамдық ұйымдар мен демеушілер осы тіршілікті ары қарай жалғастыратынына сенеміз. Бізде қолымыздан келгенше көмектесеміз",- деп түсіндірді қала әкімі.