Өскеменде өртенген үйден әйел мен баланың мәйіті табылды

0
1 255

Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған.


Өскеменде өртенген үйден әйел мен баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы Гастелло көшесінде орналасқан қос қабатты үйден шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Өрттен кейін үй үйіндісін аршу барысында құтқарушылар екі адамның – әйел мен баланың мәйітін тапты. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың жеке тұлғасы анықталуда. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімінің 40 қызметкері мен 4 автокөлік жұмылдырылды.

Өрт 432 шаршы метр аумаққа тараған. Бүкіл пәтерлер тұруға жарамсыз болып қалған. Өзге тұрғындардың бәрі өздігінен шығып үлгерген.

ТЖД алдын ала мәліметінше, өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған.