Өскеменде теплоход экипажы 2 адамды құтқарды

0
446

Куәгерлердің айтуынша, Ертісте серуендеп жүрген демалушылардың қайығын қатты ағыс аударып жіберген.


Өскеменде теплоход экипажы 2 адамды құтқарды

ERNUR.KZ. Өскеменде теплоход экипажы бірнеше адамның өмірін ажалдан арашалап қалды, деп жазады 24.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Ертісте серуендеп жүрген демалушылардың қайығын қатты ағыс аударып жіберген. Абырой болғанда, тура осы кезде жекеменшік теплоход сол маңнан өтіп бара жатқан.

Және кеме капитаны Александр Бахарев бірден оқыс оқиға болған жерге жақындап, өзен ортасында қалған азаматтарға құтқару шеңберін лақтырады. Сөйтіп екі азаматты аман-есен бортқа алып шықты.

"Алдымен бұл жайды біздің жолаушылар байқады. Бірден дүрбі алып, анықтап қарасақ, расында да су ортасында адамдар жанталасып жатыр. Көлікті дереу бұрып, бірінші әйел адамды содан кейін ер адамды алып шықтық. Қайықтарын да жағаға жеткізіп бердік." - деді теплоход капитаны, Александр Бахарев.