Әйелді өлтірді деген күдіктілер сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Өскеменде әйелді өлтіріп, оның денесін қала көшелерінің біріндегі қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен, деп жазады Stan.kz.
Қорқынышты олжа туралы хабарлама полицияға 7 қазанда келіп түсті. Полиция әйелді пәтерлердің бірінде бірге ішімдік ішкен екі серігі өлтірді деген қорытындыға келді.
Пайда болған жанжал кезінде еркектердің бірі әйелді тұншықтыра бастаған. Әйел есінен танып қалғанда, олар келіншекті өлдіге балаған. Ол қорқып, өзінің құрбанын төртінші қабаттан лақтырып жібереді. Содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне жасырған.
Қазіргі уақытта бұрын сотталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әйелді өлтірді деген күдіктілер сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.