Осы аптада өзге елде есепте тұрған көліктерді уақытша тіркеу басталады

0
641

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, бүгінде өзге елдің есебінде тұрған кейбір көліктердің иесі оны есептен шығара алмағандықтан тіркеуге қоя алмай жүр.


Осы аптада өзге елде есепте тұрған көліктерді уақытша тіркеу басталады

ERNUR.KZ. Алдағы сенбі, 1 шілде күні есептен шығарылмаған шетелдік көліктерді уақытша тіркеу шаралары басталады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, бүгінде өзге елдің есебінде тұрған кейбір көліктердің иесі оны есептен шығара алмағандықтан тіркеуге қоя алмай жүр. Осы аптада ондай көліктерді уақытша тіркеу басталады.

"Қазіргі кезде Ресей Федерациясы немесе Еуропа одағының кез келген елінен әкелінген көлікті қандай бір себеппен есептен шығара алмай жатсаңыздар, ішкі істер министрлігі ондай көліктерді тіркеудің амалын тапты. 1 шілдеден бастап ол көліктерге өтініш қабылдау жұмысы басталады", - деді Жамалиев бүгінгі онлайн брифингте.

Уақытша тіркеудің мерзімі – 5 жыл. Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.