7 құс фабрикасына қатысты тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады zakon.kz
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% құрады.
Қабылданған шаралар есебінен екінші апта қатарынан картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) бағасының төмендеуі байқалады. Бір апта ішінде қырыққабат бағасының өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға белгілеу бойынша бәсекелестікке қарсы сөз байласқан іс-әрекеттер белгілері бойынша Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізуді жүзеге асыратын 7 құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады.
Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу белгілерінің болуына және түрлі бағаларды қолдануына қатысты 12 хабарлама жіберілді.
Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.