Отандық өндірушілер қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

0
596

Бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жолдарының бірі - Салық кодексіне өзгерістер енгізу.


Отандық өндірушілер қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Тиісті ұсынысты үкіметтің бүгінгі отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев премьер-министрге жолдады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Отандық тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу үлесінің төмендігі – шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан дискриминациялық жағдайларға байланысты болып отыр. Осылайша, ірі операторларға берілген кедендік преференциялар нәтижесінде олар шетелдік тауарларды қосылған құн салығын нақты төлемей сатып ала алады. Ал отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу кезінде он екі пайыз (12%) мөлшерінде салық төленеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жолдарының бірі - Салық кодексіне өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер ірі жобалар үшін тауарларды жеткізу кезінде отандық өндірушілердің ішкі айналымын қосылған құн салығынан босатуды қамтиды.

«Бұл шара шетелдік және отандық компаниялар арасындағы жағдайды теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған орай, құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Энергетика министрлігімен бірлесіп осы ұсынысты пысықтауды тапсыруыңызды сұраймын», - деді ол.