"Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

0
491

"Отбасы банк" наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.


ERNUR.KZ. "Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылдың 31 наурызы мен 8 сәуірі аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. 2022 жылдың 31 наурызына дейін сатуға қойылған депозиттер 7 жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін шарттарды өзгертпей жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көтеріледі.