​Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі отырысы өтті

0
668

Шара Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында болды.


​Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі отырысы өтті

2021 жылғы 8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында болды.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров Жұмыс тобының мүшелерін Тұжырымдаманы жаңарту бойынша жұмыстың маңызды бағыттарымен таныстырды.
«Тұжырымдама Мемлекет басшысының әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын қолдауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы, Жалпыұлттық басымдықтар, Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, сондай-ақ отбасының өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі жаһандық трендтер мен тенденциялар ескеріле отырып, жаңартылатын болады» - деді Асқар Умаров.
Отырыс барсында Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың алдағы даму мәселелерін талқылады және Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңартуда ескерілетін бірқатар конструктивті ұсыныстарды енгізді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципін жүзеге асыру мақсатында Жұмыс тобының қызметі ашық, транспарентті түрде болатындығын, БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланатындығын атап өткен жөн.
Жұмыс тобының отырысына ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, ғылыми-академиялық саланың, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.