Өткен аптада еліміздің 5 өңірінде азық-түлік бағасы қымбаттады

0
1 136

Өткен аптада бағаның өсуі еліміздің үш облысында – Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді.


Өткен аптада еліміздің 5 өңірінде азық-түлік бағасы қымбаттады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен аптада бағаның өсуі еліміздің үш облысында – Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді. Ең көп өсім Түркістан облысында және Алматы қаласында байқалды. Атап айтқанда, қырыққабат 0,7%-ға, қарақұмық жармасы, айран 0,4%-ға, сүт, тұз 0,3%-ға қымбаттады.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов алдағы мереке күндерін ескере отырып, бағаны қадағалау, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және сауда желілерімен жұмыс жасауды күшейтуді әкімдіктерге қатаң тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал мен көкөніс экспортына шектеу қою жұмыстарын жүргізуде.