Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр
ERNUR.KZ. Оралда өз қызын өлтірді деп айыпталып жатқан келіншек қамауға алынды деп жазады ҚазАқпарат.
Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының мәліметі бойынша күдікті әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, екі айға қамауға алынды.
Келіншекке бес жасар қызын тұншықтырып өлтірген деген айып тағылып отыр.
Мұны Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады. Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр.