Өзбекстан Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді

0
477

Вагондар Қазақстан Ұлттық ұланының техникалық шарттары бойынша дайындалды.


Өзбекстан Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді

ERNUR.KZ. Өзбекстан Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді, деп жазады ulysmedia.kz.

"Ташкент жолаушылар вагондарын салу және жөндеу зауыты тапсырыс бойынша арнайы контингент үшін – сот шешімімен қамауға алу немесе бас бостандығынан айыруды көздейтін жаза түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарды тасымалдауға арналған сегіз жаңа жолаушылар вагонын жасады", - делінген хабарламада.

Вагондар Қазақстан Ұлттық ұланының техникалық шарттары бойынша дайындалды. Ақпарат бойынша, олар Астанаға жеткізіліп, тапсырыс берушіге тапсырылған.

"Вагондарда ауаны баптау жүйесімен жарақтандыру, ауыз су мен ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдық, био-дәретхана, бейнебақылау құрылғысы, есіктердің жай – күйі туралы дабыл құрылғысы және т.б. бар", - деп хабарлады компания.