Өзбекстаннан Қазақстанға бал арасын әкелу тоқтатылды

0
426

Ауру араның балы сатылып жатыр деген қауесет тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.


Өзбекстаннан Қазақстанға бал арасын әкелу тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қазақстанға Өзбекстан мемлекетінен бал арасын әкелу тоқтатылды. Өйткені ветеринарлық талаптар сақталмаған, деп жазады sputnik.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, 26 сәуірден бастап Өзбекстаннан Қазақстанға ара әкелінбейді.
"Зертханалық зерттеулер мен өңдеулер кешенінің карантиндік іс-шараларды орындамауына байланысты 2024 жылдың 26 сәуірінен бастап Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына ара әкелуді уақытша тоқтатады", - дейді ведомство.
Комитеттің айтуынша, кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптар сақталмаған.
Жалпы биылғы үш айда республикалық ветеринариялық зертханада бал және ара шаруашылығы өнімдеріне 148 зерттеу жүргізілген.
"Органолептикалық көрсеткіштерді анықтау үшін 31 рет тексеру жүргізілсе, 31 рет физикалық-химиялық көрсеткіштер тексерілді. Сондай-ақ улы элементтер, радиологиялық көрсеткіштер, антибиотиктер мен пестицидтер, басқа да дәрілік заттарды анықтау үшін бірнеше ондаған тексеру жасалды. Заңның 22-бабына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізуге тыйым салынады", - дейді комитет.
Республикада мал шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде балды ветеринариялық-санитарлық сараптаудан өткізетін 416 зертхана бар.
"Қазақстанда ауру араның балы сатылып жатыр деген қауесет тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мемлекеттік зертханаларды жекеменшікке беру туралы да сөз қозғалды. Бірақ бұл тиімсіз, өйткені жекенің қолына өткен зертханаларда сапа қаншалықты жақсы болатынын дөп басып айту мүмкін емес", - дейді комитет мамандары.
Қазақстан Республикасының аумағында бар болғаны 279 ішкі сауда орындары бар, оларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін 222 мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бекітілген. Ветеринарлық талапты бұзғандар заңмен жауапкершілікке тартылады дейді ведомсто.