Өзбекстанның Энергетика министрі Қазақстан маңында салынатын АЭС құрылысы туралы айтты

0
343

Салынып жатқан атом электр станциясының радиусында Қазақстанға қарағанда Өзбекстан халқы көп.


Өзбекстанның Энергетика министрі Қазақстан маңында салынатын АЭС құрылысы туралы айтты

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов 21 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесінің аясында Қазақстан шекарасына жақын АЭС құрылысына түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Мирзамахмудовтың айтуынша, салынып жатқан атом электр станциясының радиусында Қазақстанға қарағанда Өзбекстан халқы көп.

"Бұл біз үшін де өте маңызды. Барлық қауіпсіздік шаралары және алаңды орналастыру бойынша барлық тиісті халықаралық талаптар сақталатын болады. Сондай-ақ, МАГАТЭ миссиясы да дайындықты зерттеді. Ол барлық іс-шаралар халықаралық талаптарға сәйкес келетінін растады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – атом электр станциясын салудағы ең маңызды басымдық", - деп толықтырды ол.

Сондай – ақ, Журабек Мырзамахмудов алаңның Қазақстанның жанында әдейі таңдалмағанын, тек АЭС құрылысының талаптары - сейсмикалық, инфрақұрылым және МАГАТЭ-нің барлық талаптары негізінде таңдалғанын атап өтті.