Өзбекстанның Қазақстанға қарағанда пандемияға дайындығы жоғары болып шықты

0
1 483

Денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздік рейтингінде Өзбекстан 195 елдің арасында 138-орынды иеленсе, Қазақстан 143-орынға тұрақтаған.


Өзбекстанның Қазақстанға қарағанда пандемияға дайындығы жоғары болып шықты

иллюстрациялық фото

Рейтинг көрші елдің коронавирус пандемиясымен күресуге дайын екенін көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 2021 жылдың 28 наурызына дейін 292,3 мың адам COVID-19 вирусына шалдыққан. Тек наурыз айының өзінде коронавирус жұқтырғандар 29,6 мың адамға немесе 5,1%-ға өскен.

Пандемия әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының барлық осал тұстарын айқын көрсеткен. Әсіресе, бірінші орынға қаржыландыру мәселесі шықты. 2020 жылы Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласының негізгі капиталына 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық инвестиция құйған.

Пандемияға дейін Қазақстанда (2016-2019 жылдар) денсаулық сақтауға бөлінген инвестияның көлемі бір қалыпты деңгейде болған болса, көрші елде аз болсада өсім байқалған.




Денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздік рейтингінде Өзбекстан 195 елдің арасында 138-орынды иеленсе, Қазақстан 143-орынға тұрақтаған. Рейтинг көрші елдің коронавирус пандемиясымен күресуге бізге қарағанда дайындығының жоғары екенін көрсетеді.

Өткен жылы пандемия жарияланғаннан кейін Қазақстан да Өзбекстан да медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу шараларын қабылдаған болатын. Салыстырмалы түрде қарағанда көрші елдің қызметкерлеріне төлеген үстемақысы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Өзбек елінің мемлекет басшысы пандемия кезінде науқастармен жұмыс жасаған дәрігерлерге - 2,7 мың доллар, зертхана қызметкерлері мен медбикелерге - 1,6 мың долар, санитар қызметкерлерге - 1,1 мың доллар төлеген.

Ал Қазақстан премьер министрі медицина қызметкерлеріне жұмыс жасаған жердің қауіптілігіне қарай 1,9 доллар - 947 доллар және 473 доллар үстемақы төленетінін мәлімдеген.

* 2020 жылғы наурыз айындағы курс бойынша USD/KZT — 448,57 теңге болса, USD/UZB — 9570,88 сумға тең болған.

Сонымен қатар Қазақстан бала туу мен өлім-жітім көрсеткіштері бойынша да көрші елмен салыстырғанда артта қалып қойған. 2020 жылы Қазақстанда 425,6 мың сәби дүниеге келген, туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 22,4-тен келеді. Осы кезеңде Өзбекстанда 734,1 мың сәби туған, туу коэффициенті – 24,6.

Пандемияға дейін Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы (2019 жылдың мәліметіне сәйкес) 73,2 жас, ал Өзбекстанда 73,6 жас болған.