Ойылға батқан жігітті іздеу кеше, 22 сәуірде сағат 10:45-те басталды.
ERNUR.KZ. Атырау облысында Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті судан шығарылды, деп жазады inform.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, қарсы беттегі жағалауға жете алмай, суға батып кеткен. Ойылға батқан жігітті іздеу кеше, 22 сәуірде сағат 10:45-те басталды. Іздестіру жұмыстары бүгін, 23 сәуірде сағат 08:00-де қайта жалғасты.
«Қызылқоға ауданының 1996 жылы туған тұрғыны Ойыл өзенінен атпен өту кезінде суға батып кеткен. Оны іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері тартылды. Жергілікті 5 тұрғын іздестіру жұмысына көмекке келді. Ойыл өзеніне батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті бүгін, 23 сәуірде сағат 09:30-да судан шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.