«ӨзенМұнайСервис» Жаңаөзендегі жұмысшылардың бейнеүндеуіне жауап берді

0
976

Жаңаөзендегі «Мұнайспецснаб компани» ЖШС жұмысшылары жұмыссыз қалғандарын айтып, бейнеүндеу жариялаған болатын.


«ӨзенМұнайСервис» Жаңаөзендегі жұмысшылардың бейнеүндеуіне жауап берді

ERNUR.KZ. “ӨзенМұнайСервис” Жаңаөзендегі жұмысшылардың бейнеүндеуіне жауап берді, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Самұрық-Қазына» АҚ ережесіне сәйкес, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жыл сайын арнайы техника қызметтерін көрсетуге тендер өткізеді.

Осыған байланысты, 2022 жылдың қараша айында серіктестік агрегаттар мен АЦН арнайы техникасы қызметтерін көрсетуге тендер жариялады. Оған «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС және «Бек-А» ЖШС қатысқан. Желтоқсан айының 29-ы күні тендердің қорытындысы шығарылып, «Бек-А» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Сонымен қатар, тендер нәтижелерін тексеру барысында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ-нің тиісті мамандары кішігірім қателік анықтады: АЦН бойынша - 44 жүргізушінің ішінде біреуінің жұмыс тәжірибесі тиісті өтілінің 4 күнінен аз, агрегат бойынша – кейбір машинистер мен мотористердің корочкалары нашар сканерленген және оқылмайды.

Әлеуметтік-еңбек шиеленісін болдырмау мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлерге өткізілген тендердің жеңімпазы және босатылған қызметкерлерді «Бек-А» ЖШС-не ауыстыру жөніндегі шаралар туралы хабарланды. Айта кету керек, жеңімпаз компания «Мұнайспецснаб компани» ЖШС-нің босатылған қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға ниет білдірді. Қазіргі уақытта «ӨзенМұнайСервис» ЖШС заңнаманың нормаларына сүйене отырып ұсыну туралы хаттамалық шешім қабылдады. «Мұнайспецснаб Компани» ЖШС тендер жеңімпазы анықталған қателерді түзеткенге дейін күнделікті қажеттілік шарттарында жұмыс көлемдерін белгілейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес жеңімпаз компания 5 күн ішінде жіберілген кемшіліктерді түзетуге құқылы. Жүйенің келесі ашылуы 2023 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған. Осыдан кейін тендердің жеңімпазы анықталады.