Өзгенің 5 сиырын иемденген бақташы 3 үш жыл бойы ай сайын 50 мың теңге төлейді

0
788

Арызданушы мал бағушыдан 2 132 000 теңге өндіріп беруді сұраған.


Өзгенің 5 сиырын иемденген бақташы 3 үш жыл бойы ай сайын 50 мың теңге төлейді

ERNUR.KZ. Атырау облысында танысының 5 сиырын рұқсатсыз иемденген тұрғын енді ай сайын 50 мың теңге төлейтін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының азаматы 5 сиырын өзгенің рұқсатсыз иемденгенін айтып, талап арыз түсірген. Арызданған азамат 2014 жылдан бері 5 сиырын бағушыға ай сайын ақысын төлеп отырған. Аудандық сотта қаралған азаматтық іс барысында арызданушы мал бағушыдан 2 132 000 теңге өндіріп беруді сұраған.

«Мал бағушының 5 сиырды иесінің рұқсатынсыз иемденіп, жеке мақсатына пайдаланғаны анықталды. Тараптардан кәсіби емес модератордың қатысуымен жасалған медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш түсті. Келісімнің шартына сәйкес жауапкер талап қоюшыға 2023 жылдың қарашасына дейін ай сайын 50 000 теңгеден төлеу арқылы залалды өтеуге міндеттенді. Ал, талап қоюшы жауапкерден малдың құны 2 132 000 теңгені өндіру туралы талап арызынан бас тартты» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.